2.03.2016, 10:14
Оқылды: 48

Жымпитының орталық алаңында Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Sirim Algis aitu kyni   Жымпитының орталық алаңында «Ризамын бүгінге!» атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараның басында ардагер ұстаз, Сырым ауданының құрметті азаматы Ким Федянин құттықтау сөз сөйледі.


Концертті ұйымдастырушылар құрмет мейрамының құнын құнттайтын жап - жақсы бағдарлама дайындаған екен. Аудандық демалыс орталығының кәсіби әншілері өз алдына, аудандағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жас өнерпаздары да керемет өнер көрсетті. Бастысы, концерт мазмұнды болды. Қазақ еліндегі ұлтаралық татулықты насихаттайтын хореграфиялық композиция, елжандылыққа, бірлікке үндейтін ұлттық сарындағы әндер, өлеңдер, осының бәрі сырт көзге өте жарасымды.

«Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы» дейді шараға қатысқан аудандағы «Татулық» достық клубының өкілдері.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Шерім

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале