3.07.2015, 13:15
Оқылды: 29

Жымпитыға саяхат жасады

Sirim lager    Бүгін Сырым ауданы, Бұлан ауылдық округіндегі «Достық» аудандық лагерінің демалушылары Астана күніне орай аудан орталығы Жымпитыға біркүндік саяхат жасады.

Демалушылар алдымен аудандық кітапхана қызметкерлері дайындаған мерекелік кітап көрмесімен танысты. Көрме жұмысына белсенді қатысқан балаларға тәттілер үлестірілді.

Биыл ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына – 80 жыл. Осы мерейтойдың құрметіне орай лагерь демалушылары орталықтағы Қадыр алаңында поэзия сағатын өткізіп, ақынның туындылары мен арнау өлеңдерін оқыды.

Балалар осы күні аудандық тарихи өлкетану музейі мен Алаш мұражайын аралады. Демалыс күні дене шынықтыру сауықтыру кешеніндегі «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық шарамен қорытындыланды.

Бұл шараны аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы ұйымдастырып отыр.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале