15.06.2016, 15:09
Оқылды: 18

«Жібек жолы» – жеңімпаз

 taskala zhibek zholy zhenimpaz Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының ұйымдастыруымен жуырда Шымкент қаласында «Қазақстандық жазғы өнер және би ойындары» байқауы өтті. Аталмыш шараға қатысқан тасқалалық «Жібек жолы» халықтық би тобы өзгелерден озық шықты.


   Айта кетер болсақ, жеке орындауда қазақ биімен Альмира Исабекова бірінші, испан биімен Дана Туманчина екінші орын алды. Кавказ халықтары ырғағындағы билерден ер балалар тобы мен қазақша билеген қыздарымыз бірінші орынға лайық деп танылса, дәл осы бишілер толық құраммен орыс биін орындап тағы да бақталастарынан басым түсті. Нәтижесінде ер балалар тобы Польшада өтетін өнер байқауына жолдама ұтып алды.

   Наила Қадырқұлова тәрбиелейтін биші жастардың бұл алғашқы жетістіктері емес. Сондай-ақ жақында Наила Ермекқызына шәкірттері халықаралық байқауларда орын алғаны үшін бірінші дәрежелі төреші атағы беріліп, осы сайысқа төреші ретінде шақырылған болатын.

www.zhaikpress.kz

Рауан САТЫБАЛДИЕВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале