9.06.2015, 19:06
Оқылды: 40

Жүз қадамды жүзеге асыру жайы талқыланды

DSC_0124Елбасының «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарын талқылауға орай Сырым ауданы активі жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімі А.Шыныбеков төрағалық етті.

Ұлт жоспарын іске асыру туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Ерлан Сәрсенов, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Мәлік Әубәкіров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Дарғожиев, аудандық әйелдер кеңесінің және «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Гүлбақша Ерғалиева, жұмыспен қамту орталығының басшысы, «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шынар Дүйсенғалиевалар өз пікірлерін білдіріп, аудан активін Ұлт жоспарын қолдауға шақырды.

Жиын соңында аудан басшысы ауданның кітапханаларын дамытуда зор үлес қосқан Раушан Хасанованы ҚР Ұлттық Кітапханасының бұйрығымен «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапаттады.

Жиынды аудан әкімі А.Шыныбеков қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале