13.06.2015, 9:55
Оқылды: 41

Жүйелі жұмыстан - жүлделі жеңістер

 

Terekti jyieli jymistan jyldeli jenister  Өңіріміздің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, орасан зор еңбегімен еленіп жүрген, бір сөзбен айтқанда, мақтанышпен кеудемізді керіп тұрып, ауыз толтырып «Жарайсыз!» деп айтқызатын жандардың жанымызда жүргені біз үшін үлкен мәртебе.

Міне, осындай, мәдениет саласында үлес қосып жүрген қос теректілік біздің марапаттар қоржынын тағы да толықтырды.

Жуырда БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Гүлмира Төлегеноваға «Ең үздік әдіскер» атағын табыстады. Ал, үздік көркемөнерпаздар ұжымы -Үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі (жетекшісі Жанар Тайшыбаева) мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы дипломмен марапатталып, аудан мәртебесін көтеріп тастады.

www.zhaikpress.kz

Самал ЖАМЕТ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале