20.04.2016, 16:42
Оқылды: 18

Жүйелі жұмыс жасайық

ZH-350x350     Теректі аудандық Достық үйінде облыстық қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

     Жиынға селолық округтердің қоғамдық келісім төрағалары мен төрайымдары қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамбек Жақсыбеков облыстан келген қонақтармен таныстырды.


     Алғашқы сөз кезегін ауданымыздың қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұсағали Төлегенов алды:

  • Осы ұжым құрылғалы көптеген игі шараларды бірлесе атқардық. Ауылдық округтерде өтетін форумдарға да жиі қатысамыз. Кішкентай шаңырақ астында 29 ұлт өкілі бір отбасындай күй кешуде. Қай ұлтқа тән мереке болса да, бірге ұйымдастырып, қалыс қалдырмауға тырысамыз. Қоғамда болып жатқан келеңсіз мәселелерді талқыға салып, ортақ келісімге келеміз.

     Подстепный селолық округінің қоғамдық келісім кеңесі төрайымы Зәуре Шатикова өз тәжірибесімен бөлісті. Осылайша, әрбір округ өкілдері жұмыстарын баяндап, жіпке тізді. Басқосу соңын облыстық әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Гаухар Антазиева қорытындылады:«Аталмыш келісім мүшелері тек шаралармен шектелмей, қоғамдағы өзектімәселенің барлығынан хабардар боп, шешімін табуға көмектесуі тиіс. Жұмыссыздық деңгейін көтеріп, бос отырған азаматтарды жұмысқа тарту, отбасылық келіспеушілікті болдырмау, бала тәрбиесіне ат-үсті қарамау, абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізу сіздердің ең басты міндеттеріңіздіңбірі», - деді Гаухар Лұқпанқызы. Облыстық әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің аға кеңесшісі Анар Өтеғалиева да осы тұжырымды қостап, жүйелі жұмыс істеуге шақырды.

www.zhaikpress.kz

Күлімхан Тасенова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале