8.07.2016, 9:23
Оқылды: 22

Жүлдемен оралған отбасы  

отбасыОрал шаһарындағы облыстық қазақ драма театрында өткен “Мерейлі отбасы 2016” ұлттық байқауына қатысқан жусандыойлық Қауеновтер жанұясы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлыққа ие болды.


Байқауға облыс бойынша, 53 жанұя қатысып, бақ сынаған.

Әр аудан бойынша ұсынылған отбасылар жөніндегі материалдарды облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов бастаған комиссия мүшелері қарап, бағалаған.

- Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына отбасымызбен барып, қатысып, жүлделі оралдық. Жүлдегер атану – біз үшін үлкен жетістік.

Жанұя мәртебесін биікке көтерер игілікті істер елімізде бола берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – дейді байқау жүлдегері Дихан Қауенов.

Сонымен қатар аталмыш байқауға қатысқан қарақамыстық Қойшекеновтер жанұясы «Ұлттық дәстүрді ардақтаған отбасы» аталымымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале