16.06.2015, 18:50
Оқылды: 42

Жүлдемен оралған әртістерге облыс әкімінің алғыс хаты табысталды

Kaz drama teatri   Облыс әкімінің орынбасары Бақияр Мәкен Керчь қаласында өткен  «Боспорские Агоны» атты ХVІІ Халықаралық  фестивалінен жүлделі оралған облыс әртістерін құттықтап, Қазақ Драма театрының директоры Қуаныш Сайлауұлы мен әртісі Бибигүл Исалиеваға аймақ басшысы  Нұрлан Ноғаевтың алғыс хатын табыстады.

Марапаттау рәсіміне облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлы иелері қатысты.

Алғыс хатта: - «Жастық ша­ғының бір бөлігін, тамаша гастрольдік сапарларымен Алматыда өткізген әйгілі театр және кино актерлері, КСРО халық әртісі Василий Лановой мен «Человек-амфибия» фильмінде  Ихтиандра рөлін сомдап, дүние жүзіне әйгілі болған, Ресейдің халық артісіВлади́мир Коренев қазылық еткен фестиваль жүректеріңізге әсерлі сәттер сыйлады деген сенімдеміз. Әр елдің бетке ұстар таланттылары бақтарын сынаған осынау өнер додасында еліміздің еңсесін биік ұстап, алдыңғы саптан көрініп, бел жазбай атқарған еңбектеріңіздің орны қашанда бөлек»,-деп жазылған.

ГранПри және  «Боспор Никасы» , «Ең үздік режиссер» атағы Шыңғыс Айтматов атындағы  халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақ Драма театрының режиссері  Қуандық Қасымовқа берілсе, Бибігүл Исалиева  «Ең үздік әйел образы» аталымына ие болған еді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале