14.09.2015, 14:32
Оқылды: 14

Жүрекжарды мерекелік концерт

Janibek jyrek jardi merekelik konsert      Кеше орталық алаңда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Менің елім – мәңгілік ел» атты мерекелік концерт өтті.

Елдігімізді танытатын атаулы мерекені атап өту үшін ұйымдастырылған кеште жұртшылық жәнібектік өнерпаздардың өнеріне куә болды. Мерекелік шара театрландырылған көрініспен басталды. Хандық дәуір тарихы сөйлеп, сахнадағы әртістердің қимылы мен киімдері сол кезеңдерді бейнелеп тұрды. Тағылым мен тарихтың қатпарлары көз алдымызға келгендей болып, бойымызды алабұртқан сезім биледі.

Қойылым аяқталған соң, сахнаға аудан әкімі Мұрат Мұқаев көтеріліп, облыс әкімі орынбасары Бақтияр Мәкеннің алғыс хатын аудан әкімінің орынбасары Аманжол Қадырбековке, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Алтай Бақтығалиевке, жеке кәсіпкер Бейбіт Даумовке, Т.Жароков атындағы ЖОББ мектептің мұғалімі Қанат Құсайыновқа, ал аудан әкімінің алғыс хатын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жақсылық Бисенғалиев пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажинаға табыс етті.

Ары қарай, сахна төрінен «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» бірінен соң бірі төгілді. Мерекелік концерт Жанәбіл Мұстаев пен Ақтоты Ешматованың орындауындағы «Қазақстан» әнімен мәресіне жетті. Өнер кешін тамашалаған көпшілік өнерпаздарға жоғары бағасын берді.

www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале