14.04.2016, 11:19
Оқылды: 26

Жүрекке жылу, көңілге демеу сыйлаған акция

Janakala jan jilui     Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында дәстүрлі «Жан жылуы» қайырымдылық акциясы өтті. Оған аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудан әкімінің орынбасары А.Бекетқызы, аудандық дербес мекеме, бөлім басшылары және бірқатар жеке кәсіпкерлер қатысты.


     «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамгершілікті ту еткен жұртымыз қашанда қамкөңіл жандарды назарынан тыс қалдырмаған.

     Қоғамның мүмкіндігі шектеулі азаматтарға деген көзқарасына қарап, кез-келген мемлекеттің өркениеті мен мәдениеттілік деңгейін байқап-аңғаруға болады. Тіпті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлуді атап айтқан еді.  Осы мақсаттарды бағытқа алған аталмыш акцияда алдымен аудан әкімі Лавр Рашидұлы сөз алып, шараның шымылдығын түрді.

     Мұнан кейін әуезді ән шырқалып, күмбірлеген күй ойналды. Айта кетейік, шара барысында жеке кәсіпкерлер, бөлім, мекеме басшылары мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сияпат жасап қолұшын созса, басқа да тұлғалар қайырымдылық жасаудан қалыс қалмай қаржылай қолдау көрсетті.

 www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале