14.10.2016, 22:02
Оқылды: 24

Жүрекке жылу сыйлаған күн

%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d1%96%d1%80%d0%b1%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96Мейірбандық күні болып саналатын «Қайырымдылық айлығы» аясында ауданымызда көптеген іс-шаралар оздырылуда. Сондай шаралардың бірі - аудандық С. Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы мен жастар демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жүрекке жылу сыйлайық» кеші.
Осы кештің басты қонақтары - ауылымыздың мүмкіндігі шектеулі, көмекке зәру қамкөңіл жандары болды.
Бұл жандар өмірдің қиындығына мойымай, ауыртпашылықтың ағысына қарсы жүзген, сағы сынбай, тағдырдың салғанын көтере білген жазықсыз жандар. Алайда жазмыштың жазғанына көнгеннен басқа амал нешік.
Шараны ұйымдастырушы аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина,- мерекелік кешке қатысушы барша қамкөңіл жандарға өмірде еш мойымай, қиындықты жеңе білуге шақырып, денсаулық, бақыт тіледі.
Әдемі әрі әсерлі өткен кеште аудандық мәдениет үйінің әдіскері Самал Хайрушева қызықты тренинг өткізіп, олардың өмірге деген қызығушылықтарын арттырып, көіңілдерін бір серпілтіп жіберді.
Сондай-ақ кеште әсем ән шырқалып, күмбірлете күй төгіліп, қонақтарымыз әуенге қосылып, биге де шығып отырды.
Осындай меркелік кеш ұйымдастырған аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллинаға Гүлайым апамыз, Темірболат ағамыз және басқа да мүкіндігі шектеулі жандар ризашылықтарын танытып, алғыстарын білдіріді.
Кеш соңында аға-апаларымызға арнап арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

Әсем БОЛАТ

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале