11.06.2015, 22:11
Оқылды: 33

Жүректен жүрекке

Janibek jyrekten jyrekke     Жәнібек аудандық мәдениет үйінде  аудан әкімдігінің қолдауымен,  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Ақбастау» жастар қоғамдық  бірлестігінің  ұйымдастыруымен  «Жүректен  жүрекке» атты қайырымдылық  концерті оздырылды.

Жас отбасының сәбиі, көз қуанышы, әжесінің сүйікті немересі Айшагүл Сапарғалидің эпилепсия дертінен емделуіне қажетті қомақты қаржының   белгілі бір бөлігінің толығуына  дәнекер болуды көздеген концертке аудан орталығында тұратын өнерпаздармен қатар Ұзынкөл, Ақоба, Тау ауылынан келген әншілер де өзіндік үлесін қосты. «Жанашырлыққа  жан пида» дегендей, өмірде  көңілі қаяу, жаны дімкәс адамдарға жанашыр қамқор болып, аялы алақанын, жүрек  жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы екенін  дәлелдеген жаны жайсаң жомарт жандар, зал ортасында тұрған қорапқа  ақша салып,  қаржылай көмек қолын созды. Кеш барысында бүлдіршіннің әжесі Биғайша апа  бар байлығы һәм  бақытына балаған  сәбилеріне өз жүректерінің жылуымен бөлісіп, қайырымдылығы мен мейірімін танытқан  патша көңіл көрермендер мен осынау ізгілікті іске ұйытқы болған аудан әкімдігі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Ақбастау» жастар қоғамдық   бірлестігіне зор алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале