2.10.2015, 10:03
Оқылды: 22

Жүректен жүрекке

Zelenov karttar kyni   БҰҰ бас Ассамблеясының қырық бесінші сессиясының ұсынымы бойынша Халықаралық қарттар күні дәстүрлі түрде жыл сайын Қариялар 1 қазанда аталып өтіледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасының мүгедер күні болып бекітілді. Аталмыш мерекеге орай  Зеленов аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесінің қызметкерлері өздерінің қамқорлығындағы қариялар мен аналарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырды. Шараға тәрбиеленушілерден бөлек Переметный, Янайкин, Зеленый, Шалғай, Железнов ауылдық округтерінің әкімдері мен аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тілекбай Төлепқалев қатысты. Салтанатты жиынды ашқан мекеме директоры Ғалымжан Мендалиев: «Мекемеміздегі тәрбиеленушілер өздерін жат сезінбес үшін мемлекетіміз барлық жағдай жасап отыр. Жиналаған қариялар мен кеуаналарды мерекелерімен құттықтап,  дендеріне саулық тілеймін»,-деп қарттар үйінде тәрбиеленіп жатырған үлкен кісілерді құттықтай келген барлық ауылдық округ әкімдері мен «Жеңіс» кинотеатрының ұжымына ризашылығын білдірді. Содан соң әр ауылдық округ әкімдері шығып, өздері басқарып отырған ауылдан келген қарияларға естелік сыйықтарын табыстап, жүрекжарды тілетерін білдірсе,  өнерпаздар ауылдастар сәлемін әндері арқылы жеткізіп жатты. Содан соң сөз алған Тілекбай Қажымұратұлы: «Бұл әлеуметтік мекемеде тәрбиеленіп отырған әр қария ұмыт қалмайды. Ол үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасап отыр. Бүгінгі шараға келген үлкен адамдар өздерінің жастық шағын ауданымыздың дамуына арнаған жандар. Бүгінгі мереке аға ұрпақтың еңбектеріне деген ризашылық пен жастарыңызға деген сыйластықтың мерекесі. Барлықтарыңызды қариялар күнімен құттықтаймын»,-деп кеш ұйымдастырушылары мен  кешті ән мен күйге бөлеген өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі. Шара соңында мекеме тәрбиеленушілері мерекелік кеш ұйымдастырушылары мен қонақтарға рахметтерін айтып, шағын концерт ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале