20.10.2016, 10:31
Оқылды: 28

Жүректен –жүрекке ...

%d0%b6%d1%83%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d1%83%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%ba%d0%b5   Зағиптар күніне орай БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қаламыздағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат кешеніне барды. Бұл кездесу жол үстінде жас балалардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу, оларға жол бермеу мәселелерін мақсат етті.


Облыстық көру қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернаты 1996 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Қазіргі уақытта мектепте 153 оқушы білім алуда. Оның 65-сі интернатта жатып оқыса, арасында еліміздің басқа өңірлерін келген балалар да жоқ емес. Мұнда мемлекеттік стандартқа сәйкес балалар жалпы білім беретін бағдарламамен, сондай-ақ, ерекше білім қажет ететін балаларға арналып дайындалған түзету бағдарламасымен  тәлім алуда. 25 оқушы Брайл жүйесімен айналысады.

Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бірнеше жылдан бері түрлі мектептер мен балаларға көмек қолын созып келеді. Былтыр бірнеше мектепте жолда жүру ережесі сыныбы ашылған болатын. Аталмыш сынып бұл мектепте те ашылған еді. Мұнда балаларға бағдаршамның  арнайы дыбыс дабылы мен жүрген көліктердің дыбыстарына көңіл аудару қажеттілігі, жол жүру ережелеріне қатысты тәрбие сағаттары өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, арнайы мектепке мектеп қажеттілігіне байланысты, яғни, балаларға киім-кешек, оқу құралдары секілді материалдық көмек те көрсетіліп отырады. Балалар бұл кездесуге арнайы дайындалып, жол жүру ержесіне қатысты білімдерін орта салып, концерттік бағдарлама ұсынды. Тіпті кейбір оқушылар музыкалық және шығармашылық өнер көрсету дарындылығымен ерекшеленді. Шара барысында БҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы Нұртай Лезов оқушылармен жол қозғалыс ережесін сақтау бағытында сұхбат жүргізді. Соңында полиция подполковнигі оқушыларға естелік сыйлықтар, оқу құралдарын және жолда жүру қағидалары жазылған парақшалар тарту етті. Сонымен қатар, мектеп директорына осындай  шараларды өткізуге мейлінше ат салысқаны үшін БҚО ІІД басшылығы атынан алғыс хат табыс етілді. Өз кезегінде мектеп директоры Ғұбаш Арыстанбек Нухқалиұлы сөз алып, тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.

Сөз соңында БҚО Ішкі істер департаменті барлық қала және облыс тұрғындарына жол үстінде жол қауіпсіздігін қатаң сақтап, зағип жандарға түсіністікпен қарауларыңызды сұрайды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале