9.03.2016, 11:31
Оқылды: 29

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»

Janibek kyigen kol   Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық мәдениет үйінде «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»  атты мерекелік- сазды кеш оздырылды.


 Әнмен әрленген кеш барысында   отбасылық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың қайнар көзі, оны ұрпақ бойына дарытушы аналар бейнесін паш еткен сахналық  көрініске кезек берілді. Ене мен келіннің арасындағы өзара келіспеушіліктің бала тәрбиесіне тигізер теріс ықпалы, отбасының берекесіне сына қаққан, ауызбіршіліктің бекемдігін шайқалтар сәттер де көрермен назарынан тыс қалмады.  Жығысу емес, ұғысуды алдыңғы орынға қою қажеттігін ұғынған ене мен келіннің соңында анасы мен қызындай болып тіл табысқан сәттер нанымды шықты.

 Ауылда оздырылатын  мәдени-көпшілік  шараларға  белсене атсалысып жүрген қыз-келіншектер  алғыс хатпен марапатталды. Аналарға арнап  мерекелік дастархан жайылды.

 Асхат Тұяқаев, Ерлан Айтқалиев, Гүлбану Темірғалиева  сынды  кәсіпкерлер   шараға  демеушілік жасады.

 www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале