20.10.2015, 9:33
Оқылды: 30

Жұбан ауылындағы «Қурайлы»

КурайлыҚұрайлысай ауылдық округінің орталығы – Жұбан ауылында тойхана ашылды. Бұған дейін ауылдастарына наубайхана ашып, дәмді нанымен танымал болған жеке кәсіпкер Нұржамал Алтынсары өзінің ері Болатбек Нығыметов екеуі көптен ойларында жүрген игілікті іс – «Қурайлы» аталған осы тойхананы жерлес аталары, дүлдүл ақын Жұбан Молдағалиевтың 95 жылдығы тұсында пайдалануға берді.

Тойханаға 180-200 адам еркін сия-ды. Сөйтіп, игілікті істің өрісін табуы, оған ауылдық округтің атауына орайлас ат беруі де ойдан шығып отыр. Наубайханаларынан күніне 50-60 нан шығаратын кәсіпкерлер сөйтіп, өз істерін қанаттандырып, көптеген ауылдағыдай, құрайлысайлықтарға тойхананың есігін айқара ашты.

– Жаңа тойханамыздың әлі толықтыратын тұстары бар. Ішкі жабдығы да жетіңкіремейді. Бірақ «Күз айы – той айы» демекші, ауылдастарымыздың тілегін ескеріп, ашып жатырмыз. Бүгінге дейін осында тұрғындар 2 той, басқалай 2 бас қосу өткізді. Кейбір бітпеген шаруаға жаңағы той өткізетін жерлестер өздері қолдап көмектесті. Оған рахмет айтамын. Осы орын толық біткен соң 2-3 ауылдасты жұмысқа тартамыз,-дейді Болатбек.

Бұрын ауылдық округтің орталығы осында мұндай тойхана, яғни көп қонақ қабылдайтын орынның жоқтығы қабырғаға батқаны анық еді. Енді міне, ажарлы ғимарат тұрғындарға қызмет етуге кірісті.

www.zhaikpress.kz

Тілес САҒЫНТАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале