22.04.2016, 11:00
Оқылды: 16

Жұлдыздың жеңісі

?

?

    Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданылу аясын кеңейту, жас ұрпақты әдеби шеберлікке баулу мақсатында облыс орталығында өткен «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған жас ақындар байқауы оздырылған болатын. Шабыты шырқау, шығармашылығы қарымды ақынның шыншыл шумақтарын көкірек көзіне тоқыған  18-25 жас аралығындағы 40-қа жуық қатысушы ақынның бір өлеңін жатқа оқу, таңдауға түскен 16 өлеңінің бірін мәнерлеп оқып шығу тапсырмасындағы «Жыр-сандық» кезеңі, еркін тақырыптағы жыр бәсекесі және «Ана тілім-алтын бесігім» атты қатысушының жеке шығармашылығы тұрғысында бақ сынасты.


     Тақырыпты мәнерлеп оқу, ақын өлеңін жатқа білуде жүйріктік танытқандар және шығармашылығы қуатты қатысушылар қатарында шыңғырлаулық Жұлдыз Зданова үздік деп танылып, байқаудың І дәрежелі дипломымен марапатталды. Мамандығы ұстаз Жұлдыздың бұл жеңісі ауданымыздың мерейі ғана емес, шәкірттерін әдебиет пен поэзия әлеміне құлшындырып, тың серпін беретін күш.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале