26.01.2016, 18:27
Оқылды: 19

Жұмыссыз жүрген жастарға өз кәсіптерін ашуларына жәрдемдесуде

 Bokei kasipkerlik salasi  Кәсіпкерлік палатасы Бөкей ордасы ауданының филиалы жұмыссыз жүрген жастарды еңбекке тартып, өз кәсіптерін ашуларына жәрдемдесуде. Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде сайқындық Асан Құттығалиев пен мұратсайлық Ерден Харесов бизнеске бет бұрып, өз жобаларымен жақында аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың қабылдауында болды.


Ата-анасымен бірге тұрып жатқан Асан дәнекерлеу ісін жақсы меңгерген көрінеді. «Ауылдастарымыздың жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Үйлерін сыңғырлатып қойған олар енді дуал тұрғызып, аулаларын жаңарту үстінде. Темір қақпа мен есікке тапсырыс берушілер де көбеюде. Несие алып, кәсібімді кеңейтпекпін», – дейді ол. Баласының ойын кұптаған әкесі кепілдікке тұрғын үйін қоюға да келісімін беріпті.

Еңбекқор жігіттерге іске сәт дей отырып, өзгелердің де бизнеске батыл бет бұруын қалаймыз.

www.zhaikpress.kz

Гүлжаз БАДЕЛОВА

Бөкей Ордасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале