20.05.2016, 11:20
Оқылды: 38

Жұмысшы жастар спартакиадасы басталды

Jygiruu    Бүгін қаламыздағы П.Атоян атындағы стадионда облыстық ІІ жұмысшы жастар спартакиадасы басталды.

  Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған спорттық шараның мақсаты жұмысшы жастардың еңбекке қызығушылығын арттырып, бұқаралық спортқа баулу, жұмысшылар арасында әріптестік әрі достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.


    Жарысқа «Зенит зауыты» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, «БҚМҚ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ, «Орал сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС, «ТМК-Казтрубпром» ЖШС, «Жайық жылу қуаты» ЖШС, «Оралагрореммаш» ЖШС, «KazConstructuionGroup», Шыңғырлау, Жәнібек, Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Зеленов аудандарынан түрлі кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қатысуда. Спорттық шарада жастар волейбол (қыздар), шағын футбол (ерлер), эстафета, жеңіл атлетика, қол күресі мен қазақ күресі секілді спорттың алты түрінен бақтарын сынамақ.

    Дәл қазір аталмыш стадионда эстафета ойындары мен жеңіл атлетикадан жарыс өтуде. Түскі сағат 14.00-де Арман шағын ауданындағы «Жайық волейбол кешенінде» қыздар арасында волейбол ойындары өтпек.

   Спартакиаданың  ашылу салтанаты 12.00-де басталып, жарыс қорытындысы 18.00-де аяқталады деп күтілуде.

www.zhaikpress.kz

Ләззат Шағатай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале