6.08.2016, 21:17
Оқылды: 25

Жұмысын сапасыз орындаған мердігерлерге айыппұл салынбақ

FB_IMG_1470474293881    Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев және «Нұр Отан» партиясының өкілдері   «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан инженерлік - коммуникациялық жүйені жөндеу барысымен танысты.  Олар жөндеу жұмысы жүріп жатқан Темір Масин, М.Мәметова, Кердері, Жымпиты, Петровский көшелері мен Еуразия және Гагарин даңғылдарында болып, жұмыстың орындалу барысын бақылады.


     -Бүгін біз «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан инженерлік желілерді жөндеу жұмысымен таныстық. Бұл бағдарлама бойынша инженерлік жүйелерді жөндеу үшін облыс орталығына 2,5 миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Осы маусымда 40 шақырымнан (км) астам инженерлік желі жөнделмек, бұлар – 7 және 8 магистралды жылу трассалары (теплотрассы), су құбырлары желісі, канализациялар. Еуразия даңғылы бойынша 4 шақырым су құбыры жөнделмек, бұл ретте толық жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта канализация тұрбасының 2 шақырымы (километр) ауыстырылды.  Мұз Сарайына дейінгі аумаққа жаңа асфальт  төселді, бұйырса, бұл жұмысты қазан айына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Мердігер компанияларға белгіленген барлық жұмыстарды жаңа  жылу маусымы басталғанға дейін  бітіру жөнінде тапсырма берілді. Инженерлік желіні жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде  қаланың инженерлік инфрақұрылымы жаңарып,  тұрғындарға көрсетілетін коммуникациялық қызмет сапасы жақсаратын болады, -деді  өз сөзінде Алтай Көлгінов.

FB_IMG_1470474322938

    Бұдан басқа қазіргі уақытта қаланың 14 көшесі күрделі  жөндеуден өтуде, бұған 3,7 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ,   30 ауланы жөндеуге және абаттандыруға  жергілікті бюджеттен  555 миллион теңге бөлініпті.

     Рейд барысында өңір басшысы Достық даңғылында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан "АзияТехСтрой" ЖШС- ның басшылығына бірқатар ескертулер жасады.

   -Егер мердігер міндетіне алған жұмысын белгіленген мерзімде аяқтай алмаса немесе жасаған жұмысы сапасыз болса, онда оған қатаң шаралар қолданылып, тіпті айыппұл салынуы мүмкін, - деген әкім ондай жауапсыз компаниялардың алдағы уақытта осындай ауқымды жұмыстарды орындаудан аластатылатынын айтты. Ол, сондай-ақ, кездесу барысында мердігер компаниялардың басшыларына міндеттеріне алған жұмыстарын жеделдетіп, белгіленген  уақытында және сапалы орындауды тапсырды. Әкімнің сөзінше, жұмысын сапасыз орындаған мердігерлерге айыппұл салынбақ.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале