5.11.2015, 15:14
Оқылды: 19

Жұмыс жаса, баспаналы бол!

 DSC_0160   Бүгінгі таңда «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген  мамандық иелері еліміздің түкпір - түкпіріне аттанып,  өңіріміздің дамуына  өз үлестерін қосуда.

Сондай жас маманның бірі  Бөкейорда  ауданына  қарасты Бисен ауылынан  Переметный  ауылына  атбасын бұрған.

Шаһарымыздағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін тәмәмдаған  Қалампыр Кенжеғалиева Зеленов аудандық  кітапхананың кітапханашысы. Қолына дипломын алып, аталмыш ауылға алып - ұшып келген жас жұмыс  та тауып,  баспанаға ие болған.

- Республика көлемінде үлкен қарқын алған « Дипломмен ауылға» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша     ағымдағы  жылдың  қыркүйек  айында  өз үймізге  қол  жеткіздік.  Әркез жастарымыздың  қал - ахуалын ойлап  жүретін Елбасымызға алғысымыз  зор.  Үш бөлмелі үйімізді 3 млн. 200 мыңға алған болатынбыз. Міне, осындай жәйлі үйде жолдасым Ахан екеуміз  Ернұр, Жанмәди есімді ұлдарымызды тәрбиелеудеміз. Енді, баспанамыз бар, алаңсыз  жұмысты  да  жасауға  болады. «Өз үйім, өлең төсегім» демекші, әрине, пәтерден пәтерге көшіп - қонып жүргенше, жеке  баспана болғанға не жетсін, - дейді кейіпкеріміз.

 www.zhaikpress.kz

Самал   ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале