12.06.2015, 21:51
Оқылды: 31

Жұмыс тобы жолға шықты

Taskala jymishi topТасқала аудандық Ветеренария бөлімі басшысының міндетін атқарушы К.Өтешқалиев, аудандық Аумақтық инспекция басшысы Г.Кенжешев, аудан әкімі аппаратының бас мамандары Х.Ақжолов пен Б.Мұқашев және аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы А.Қуатова бастаған аудандық жұмыс тобы Атамекен және Амангелді ауылдарында болып, халықпен жүздесті.

Бес саланың басын қамтыған жұмыс тобының күн тәртібінде «Агробизнес-2020» бағдарламасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті жариялау туралы халыққа түсіндіру, бүгінгі күннің белең алып тұрған дерті - сарып ауруы мен дала жануының алдын алу секілді мәселелер болды. Сонымен қатар суға түсу кезіндегі сақтық шаралары мен «Тұтынушылар құқығын қорғау» туралы Заңын халыққа жеткізіп, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді. Аталмыш топ жұмысы басқа ауылдық округтерде де жалғасатын болады.

www.zhaikpress.kz

Рауан Таңатжанұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале