13.05.2016, 13:16
Оқылды: 20

Жұртты алаңдатқан мәселе шешусіз қалмайды

????????????????????????????????????

     «Жер кодексін» түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебі директорының орынбасары Қанат Калышев, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменов Ақжайық ауданының орталығында болып, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті.


       Осында аудан әкімі Әділ Жоламанов осы күнмен тұспа-тұс келген ақ желеңділерді халықаралық медбикелер күнімен құттықтап, кездесуді ашты.

    «Азаттықтың алғашқы жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды еңбегінің нәтижесінде, он жылға жуық күрделі келіссөздерінің арқасында шегенделген шекарамызды қорғау, жер тұтастығын сақтау – әрқайсымыздың парызымыз. Сонымен қатар жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін жауапкершілік пен ынтаны көтерудің маңызы одан кем емес. «Жер кодексіне» енгізілген нормалар сайып келгенде, соны сөзсіз көздейді. Әңгіме заңнаманы мұқият оқып-үйренуге барып тіреледі. Елбасымыздың сол нормаларға қатысты мораторий жариялап, осы кезеңде халық пікірінің, ұсыныстарының ескерілуін ерекше атап өтті. Сондықтан заңнаманы ұғындыру, осындай жүздесулерді жер-жерде өткізу қолға алынуда»,-деді Серік Кенжебекұлы өз сөзінде.

    «Кейбір түйінді мәселеге байланысты пікіралмасу және ауыл-еліміздегі жерді пайдаланушыларға беріліп отырған жеңілдіктерге орай түсінік жүргізуде «Нұр Отанға» зор жауапкершілік жүктелді. Қай заң болмасын, ол ең бірінші кезекте мемлекет мүддесін, халық қамын көздейді. Алайда, бұрын түсінік жұмыстарының жеткілікті деңгейде болмауынан қате, алыпқашпа пікірлер ұшырасты. Бұл сабақ болуы керек»,-деген Қанат Тойшыбекұлы «Жер Кодексіндегі» өзгерістерді кеңінен баяндады, сұрақтарға жауап берді.

     Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дәулетжан Жақсыбаев ой-толғамын ортаға салды.

     Жер бөтенге пышақ үстінен бөлінетін дүние емес. Шетелдіктерге жерді сату туралы әңгіме бұрын да, қазір де болған емес, болмайды да. Ал өз шаруаларымыз алқаптарын 50 пайыз жеңілдікпен жекеменшігіне сатып ала алады. Ұсынылған норма жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, мысалы, банкке кепілге беруге жол ашады. Соның бәрі түптеп келгенде, агросектордың өркендеуінің, азық-түлікпен қамтамасыз етудің, жерді қайтарыммен пайдаланудың кепілі болып саналады. Жер бос жатпай, елге пайда, өнім әкелуі керек.

    Кездесуде осындай әңгімемен қатар жұртты алаңдататын түйіндер ескерілетіні айтылды. Жұртты мазалайтын мәселе ешқашан шешусіз қалмайды.

     Егер аталған мораторий ұзақ сақталған жағдайда бұл ауыл шаруашылығына кері әсер ететіні де, бұрын жерді пайдаланушылар тап болып келген кейбір шектеулер бұдан былай болмайтыны, мәселен ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімінің алынып тасталуы да елге бір жеңілдік болатыны хақында да айтылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале