4.12.2015, 12:41
Оқылды: 33

Жәнібекте мамандарға «Жыл үздігі» белгісі табысталды

Janibek jil yzdigi   Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы «Сәтті қадам» партиялық жобасының ауқымында аудан әкімдігінің қолдауымен және «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың  ұйымдастыруымен елі мен жерін көркейту, дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жастарды анықтап, оларға ауданның жастар сыйлығын беруге арналған салтанатты шара оздырылды. Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Мұқаев құттықтау сөз сөйледі.-Жоғары білім алып, елге оралған жастар қатары біздің ауданда да көптеп саналады. Оларға аудан әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалуда. Республика бойынша алғашқылардың бірі болып,тұрғын үйлер салуды қолға алдық. Сол салынған үйлер жастарға да берілуде. Жуырда ғана Ақоба, Борсы ауылдарында жастар үшін заманауи үлгіде шағын футбол алаңы салынды. Осындай алаңдар салу қалған 6 ауылдық округте де жалғасын таппақ. Болашақ жастардың қолында, бұдан былай да белсенді еңбек ете беріңіздер,-дей келе аудан басшысы ерен еңбектің үлгісін танытып жүрген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиевке, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошановаға, Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсановқа, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ертай Қарағойшиевке, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиевке, аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі Арайлым Кесековаға, сондай-ақ Ғилым Әліп, Жандос Уәлиев, Дастан Жармұқанов сынды кәсіпкерлерге өзінің атынан алғыс хат табыс етті.

Салтанатты шара барысында «Жыл үздігі-2015» жастар сыйлығын тапсыру рәсімі оздырылып, онда «Үздік жас мемлекеттік қызметкер»,»Үздік жас медицина саласының қызметкері», «Үздік жастар нұсқаушысы», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас өнерпаз», «Үздік жас спортшы» аталымдарына сәйкесінше аудан әкімі аппаратының бас маманы Ғибрат Айтқалиев, аудандық орталық аурухананың акушер-генекологі Айзада Асқарқызы, Ақоба ауылдық округінің жастар нұсқаушысы Нұртілек Каримов, Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Ержан Оразов, аудандық мәдениет үйінің режиссері Әлішер Кенжеғалиев, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Марал Төлешев ие болды. Оларға салтанатты жағдайда дипломдар мен «Жыл үздігі» белгісі табысталды. Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале