1.10.2015, 10:10
Оқылды: 17

Жәнібекте аймақтық дөңгелек үстел оздырылды

Janibek aimaktik dongelek ystel     Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өткізіліп, оған Жаңақала, Жәнібек, Бөкей Ордасы, Қазталов аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының басшылары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Жиынды Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев кіріспе сөзбен ашып, алыс ауданға келіп, осындай шараны өткізіп отырған БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ол өз сөзінде аудан аумағы Ресеймен шектесіп жатқандықтан, сол жақтан келетін тауарлар түрі көбейіп, оның айналымы жақсарғанын, мемлекеттік бағдарламалардың аудан көлемінде қарқынды жүзеге асып жатырғандығын, көршілес елмен сауда айналымына кіргенде тұтынушылар құқығының қорғалып қалғандығын айтып, дөңгелек үстел басына жиналғандарды ашық әңгімеге шақырды. Бұдан соң БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Мұхамед Арыспаев сөз алып, 2013 жылы «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» туралы Заң қабылданғанын, сол Заңға Мәжіліс депутаттары өзгеріс енгізуді қарастырып жатқандығынан жиналғандарды хабардар етті.

Аймақтық дөңгелек үстелді Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев қорытындылап, шара барысында оған қатысқандардың біраз нәрсеге қанық болғандығын, көптеген мәлімет алып, заңнамаларға енгізілген өзгерістерді білгендіктерін сөзіне сүйеніш етіп, алдағы уақытта тұтынушы құқығын қорғауда халық арасында түсінік жұмыстары жүргізіле беретінін мәлім етті.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале