29.02.2016, 17:19
Оқылды: 42

Жәнібекте «Алғыс айтамын» атты акциясы жүріп жатыр

????????????????????????????????????

        Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылып отырған «Алғыс айтамын» қайырымдылық акциясы бастау алды. Аудан әкімдігінің қолдауымен оздырылған акцияның мақсаты – жағдайы төмен және мұқтаж жандарға киім-кешек жинап, оларға осылайша қол ұшын созу.


         Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанованың айтуынша, акцияға аудандық мекеме мен ұйымдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер және басқа да кең жүректі адамдар өз үлесін қосуда.

         Аудандық мәдениет үйінің фойесінде қайырымдылық жолымен жиналған ер, әйел адамдардың, балалардың жазғы, қысқы маусымдарға арналған киімдері рет-ретімен орналастырылды. Мұқтаж жандар келіп өздеріне қажетті киімдерді еркін таңдап алды. Аталмыш акция одан әрі жалғасын таппақ. Кез-келген адам өздерінен артылған таза, бүтін киімдерін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне апарып, тапсыруға болады.

www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале