9.07.2015, 9:23
Оқылды: 20

Жәнібекте ауызашар беру жалғасуда

Jankala-auizasharОраза айы  қасиетті  Құран кәрімнің  адамзатқа түсірілген айы болғандықтан, бұл айда  пенденің көбірек құран оқуы, Алланы көбірек ұлықтап, осы айдың құрметіне түрлі  сауапты іс-әрекеттер мен қайырымдылық жасап, садақа үлестіріп, ауызын бекіткендерге ауызашар беруі  салиқалы амалдар қатарына жатады.

Аудан әкімдігінің қолдауымен, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің  ұйымдастырумен ораза ұстаған жамағатқа  ауызашар беру рәсімі   Жәнібек ауылында күн сайын өз жалғасын табуда.

Аудандық мұсылмандар мешітінде белгіленген кестеге сай  Е.Елемесов жетекшілік ететін  «Символ» ЖШС, жеке кәсіпкер Б. Дауымов,  Жәнібек ауылдық  округінің әкімдігі, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы ұжымдары ауызашар берді.

Ораза ұстағандарға ауызашар ұйымдастырғандар бұл күндері  өз игі істерімен жан-дүниесін тазартып, рухани байи түсті.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале