28.09.2015, 19:47
Оқылды: 26

Жәнібекте бірлескен рейд өткізілді

Janibek birlesken reid otkizdi  Жәнібек аумақтық сот актілерін орындау бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімінің мемлекеттік техникалық инспекция тобы, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық газет редакциясы өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейд өткізілді.

Рейд барысында Жәнібек ауылының орталық көшелерінде аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік инспекторы, полиция майоры Тимур Мамытов пен мемлекеттік инспектор, полиция лейтенанты Азамат Әшекенов тоқтатқан көлік иелерінен олардың мойындарында мемлекетке бережақ айыппұлдарының бар-жоғы тексерілді.

Оннан астам тоқтатылған көлік иелерінен сот орындаушысының шараларымен сот шешімі бойынша салынған айыппұлдар мемлекет пайдасына өндірілді. Сондай-ақ аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік техникалық инспекция тобының мемлекеттік инспекторы, полиция лейтенанты Азамат Әшекенов жолда жүру ережесін бұзған жеті жүргізушіге хаттама толтырып, оның төртеуіне (көліктің алдыңғы әйнегіне жабын ұстағаны, көлікте келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені, қауіпсіздік белдігін тақпағаны, көліктің күндізгі жүру жарығын жақпағаны үшін) айыппұл салынса, үшеуіне ескерту берілді.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

                                                                                              Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале