17.12.2015, 18:33
Оқылды: 378

Жәнібекте дүкен ашылды

 janibek janar jeke dykeni  Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан орталығында Айдос Дәулетовтың иелігіндегі «Жанар» жеке дүкені жұмысын бастап, тұрғындарға қуаныш сыйлады. Дүкеннің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан ашылған дүкеннің ары қарай көркейіп, дамуын тіледі.


         Дүкен ауыл халқын азық-түлік, ет және тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз ететін болады. Дүкеннің іші таза әрі жарық. Барлық санитарлық жағдайлар сақталған. «Жанар» дүкені тұтынушылардың көңілінен шыға алатын сауда орны болып табылады.

         Ауданымызда орта және шағын бизнес дамып, осындай кәсіпкерлікпен айналысам деушілердің қатары арта берсін.

www.zhaikpress.kz

   Д.ОСПАН,

Жәнібек ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале