17.06.2015, 21:06
Оқылды: 47

Жәнібекте жастарға кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндірді

Janibek Jastarga kasipkerliktin siri    «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының ғимаратында аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен, «Даму» қорының мамандарын тарта отырып, жастар арасында кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел оздырылды. Жиын барысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әртүрлі тренингтер өткізілді. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшісі Жамиға Мұхамбетова жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға шақыра отырып, әрқашан көмек көрсетуге, кеңес беруге дайын екенін айтып өтті. Шарада жеке кәсіпкер Бауыржан Сабанов өзінің бизнес жолындағы табыстары мен қиыншылықтарын баяндай отырып, жастарға кәсіпкерлік саласындағы алғашқы қадам жан-жақты оқып білу, тәжірибе алмасу екенін тілге тиек етті. Аудан жастары шаруашылығын дөңгелентіп отырған мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, бизнес жобаларын ортаға салды. Жиын барысында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажина жастарға кәсіпкерлік саласының бағыттарын түсіндіріп, дұрыс жол сілтеп, мемлекет тарапынан әрқашан қолдау болатынын атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале