6.04.2016, 19:02
Оқылды: 30

Жәнібекте жасөспірімдермен алдын ала жұмыстар атқарылуда

  Janibek jasospirimdermen aldinala jymis   Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы оздырылды. Жиында аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Елдос Қарабалиев үстіміздегі жылдың бірінші тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар жайында хабарлама жасады.


    Оның айтуынша қазір 3 жасөспірім тіркеуде тұр. Жергілікті мекемелермен бірлесіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың және бопсалаудың алдын алуда лекциялар, дөңгелек үстелдер, жиналыстар, сауалнамалар, акциялар, спорттық шаралар өткізілген. Кешкі уақытта рейдтік шаралар жүргізіліп, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың мекенжайлары тексеріліп, мектеп психологтарымен акт тұрғызылған. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда бұдан басқа да бірқатар жұмыстар атқарылуда.

     Басқосу барысында аудан әкімінің орынбасары, аудандық құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасы  Біржан Меңешев және жиынға қатысқан комиссия мүшелері жұмысты жандандыру хақында ұсыныс-пікірлерін айтты.

 www.zhaikpress.kz

                                                                                 Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале