21.07.2015, 13:33
Оқылды: 19

Жәнібекте жеке үй құрылысы қарқын алуда

Janibekte yi salu karkini   Жәнібек ауданында жеке үй құрылысын салу соңғы жылдары қарқын алуда.  Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Манарбек Әдиевтің бізге берген мәліметіне сәйкес өткен жылы 22 үйдің құрылысы салынып, 3004 шаршы метр жер пайдалануға берілсе, биылғы алты айда 19 үйдің құрылысы аяқталып, 1546 шаршы метр жер пайдаланымға берілген. Үстіміздегі жылдың соңына дейін бұл көрсеткіштің артуы байқалады. Әзірше қаржы және материалдық жағдайына байланысты құрылысы аяқталмаған жеке тұрғын үйлер көптеп кездеседі. –Жәнібек ауылының солтүстік беткейінен нақты жайғастыру жоспары негізінде 157 жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарының, яғни, газ, электр желілерінің құрылысы жүргізіліп, жабдықтау жұмыстары толықтай аяқталды.  Енді су құбырларын тарту жұмысы қарқын алуда. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйдің құрылысына жер жер учаскелері кезекте тұрған азаматтарға  жоғарыда аталған арнаулы алаңдардан бөлініп берілуде,-дейді аталмыш бөлімнің бас маманы өз сөзінде.

www.zhaikpress.kz

                                                                            Н.Өтей

                                                                            Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале