16.05.2016, 18:12
Оқылды: 32

Жәнібекте жиын оздырылды

Janibekte jyin ozdirildi        Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінде жиын өткізілді.


     Жиында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұратқали Ғазезов, ветеринариялық алдын алу және сарып ауруына шалдыққан малдарды жою шаралары туралы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абзал Қаратаев, 2016 жылдың екінші жарты жылдығына мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастыру жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Есниязова, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және ауылдық округ әкімдерінің салықтық түсімдерді ұйымдастыру мәселелері туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев және ауыл шаруашылық техникаларын мерзімді техникалық байқаудан өткізу жайлы аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Талғат Есенбаев баяндама оқыды.

 www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале