1.09.2015, 9:10
Оқылды: 25

Жәнібекте жәрмеңке қыза түсті

Janibek jarmenke kiza tysti   Жәнібек ауылында бұл жолы  оздырылған жәрмеңкеде ауыл шаруашылық өнімдерінің түр-түрі сатылды. Олардың бағасында еш өзгеріс жоқ, бұрынғы күйінде қалған. Мәселен, Талов, Жәнібек ауылдарынан жәрмеңкеге әкелінген сиыр етінің келісі 900-950 теңгеден, сондай-ақ Жәнібек, Тау ауылдарынан келген  4 қой етінің келісі 800-850 теңгеден әп-сәтте өтіп кетті. Сол сияқты жәрмеңкеде мамырда туған марқа тоқтылар 10-12 мың теңгеге сатылды. Сүт өнімдерінің бағасы да тұрақты. Мысалы, Тау, Қамысты ауылдарының тұрғындары ірімшіктің, құрттың келісін 300 теңгеден сатса, бір баклашка айран 150 теңгеден сатылды. Тау ауылының кәсіпкерлері 1 литрін 500 теңгеге қойып қымыз да сатты. Жәрмеңкеде Қамысты, Тау ауылдарынан трактор мен машинаға нығыздап тиелген тайлап буылған шөптің бір данасы 240-250 теңге аралығында саудаланды. Ал көршілес Ресейден әкелінген арпаның бір қапшығы 2 мың теңге болды.

Жәрмеңкеде, сондай-ақ бау-бақша өнімдері молынан сатылды. Тау ауылдық округіндегі «Ғилаж» ШҚ қауын мен қарбыздың келісін тиісінше 80, 40 теңгеден сатса, осы ауылдық округтегі «Дәурен» ШҚ қиярдың келісін 100 теңге, қауын, қарбызды сәйкесінше 80, 25 теңгеден саудалады. Ал Ресейдің Николаевка ауданынан әкелінген дәу ала қарбыздардың келісі 20 теңгеден сатылса, Вишневка селосынан келген қызанақ 70 теңге, қияр 100 теңге, қауын 70 теңге, қарбыз 25 теңге болды.

Жәрмеңкеде мектеп оқушыларына арналған оқу құралдары көп болды. Олар он шақты орында сатылды. Оқушылардың оқу құралдарының бағасы да сол бұрынғыша. –Дәптердің бағасы арзан, жылдам өтіп кетеді. Кеше алып келген дәптерлер тез өтіп кетті,-дейді «Мәди» жеке дүкенінің иесі Мағауия Жұмашев.

 www.zhaikpress.kz

  Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале