13.07.2015, 18:47
Оқылды: 29

Жәнібекте жәрмеңке өз жалғасын табуда

Janibek jarmenke 11 шілде күні Жәнібек ауданының орталығында дәстүрлі жәрмеңке өз жалғасын тапты.

Жергілікті кәсіпкерлер сауда сөрелеріне көкөністері мен жеміс-жидек түрлерін шығарса, ауылдан келген ағайындар негізінен мал өнімдерін қойған.

Мәселен, алма -220, қызанақ -140, қияр-70, банан-250, картоп-90, пияз-100 теңгеден, қой еті-800-850, қол майы-1500, қаймақ-1000, айран-150, ірімшік-250 теңгеден өз тұтынушыларына жол тартуда. Осында Жақсыбай, Ұзынкөл, Ақоба ауылдық округтерінің қызметкерлері де төбе көрсетіп жүр екен. Біз Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғаллем Құрмашевті сөзге тарттық. « Бүгінгі жәрмеңкеге ауылдан Жасұлан Айтқалиев, Ерболат Есенғалиев деген азаматтар қой алып келсе, мал өнімдерінен май, қаймақ, ірімшік, құрт сатылуда. Еттің де, басқаларының да өтуі жақсы»,-деді сонда ол.

Таудан тірілей әкелген қой 25мың, Таловтан келген үш қойдың  екеуі 12 мың, біреуі 17 мың теңгеге бағаланыпты. Екі тіркеме тайлап буылған шөп те шығарылыпты. Халық саудаласып, көңілдеріне қонған бағаға керек-жарақтарын алып жатты...

www.zhaikpress.kz

 Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале