7.07.2015, 10:26
Оқылды: 18

Жәнібекте жәрмеңке өтті

Janibek jarmenke    Жыл сайын Жәнібек ауылдық округінің тұрғындары үшін аудан әкімдігінің қолдауымен, кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңке биыл да жалғасын тапты. Бүгінгі орталық базарда өткен жәрмеңкеде Борсы, Қамысты, Талов, Тау ауылдық округтерінің кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылық өнімдері сөреге қойылды. Мал өнімдерінен сиыр, қой еті, сүт өнімдерінен қаймақ, ірімшік, құрт, айран, қымыз сатылуда. Саудада әсіресе, ет және көкөніс өнімдеріне кезек көп. Бағасы да қалтаға салмақ түсірмейді. Мәселен, сиыр еті-900-950, қой еті-800-850, қаймақ-1000, сары май-1200, ірімшік-300, қымыз-400, айранның литрі-150, құрттың келісі-300, жұмыртқа-180-200 теңгеден саудаланды.

Жәрмеңкеде тауарлардың құны нарықтағыдан 15-20 пайыз төмендейтіндіктен, халық керек-жарағын еселеп алып жатады. Сонымен қатар ауылдық округтерден келген кәсіпкерлер өнімдерінің тез өтіп жатқандығын да тілге тиек етті.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале