25.03.2016, 18:22
Оқылды: 40

Жәнібекте консультативтік-кеңесші органның отырысы оздырылды

????????????????????????????????????

 Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға және пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы оздырылып, оны осы органның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев жүргізді.


Жиында пробация қызметінің 2015 жылы атқарған жұмыстары және 2016 жылға арналған жоспары туралы пробация қызметінің инспекторы Талғат Ақмұханов хабарлама жасады. Хабарлама бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев, аудан прокурорының аға көмекшісі Асыланбек Кабдрахимов сөз сөйлеп, пікір-ұсыныстарын айтты.

  www.zhaikpress.kz

                                                                                  Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале