28.12.2015, 10:39
Оқылды: 20

Жәнібекте мал басын асылдандыру артуда

Janibek mal basi artuda   Жәнібек ауданында «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында 2015 жылы  тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша 143 шаруа қожалығы және бір ауылдық тұтыну кооперативін қосқанда 9600 бас аналық малы  344 бас асыл тұқымды бұқаларымен қамтылды. Сол сияқты  17 шаруа қожалығы 7664 бас аналық қойға 258 бас асыл тұқымды қошқарлар алды.


     Аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімінен алған мәліметке сай барлық ауыл орталықтарының жеке табындағы 3399 бас аналық малдары  119 бас асыл тұқымды аталық бұқалармен қамтылып,  жалпы алғанда, ауданның 12900 бас аналық малын тұқымдық түрлендірумен  қамту   88 пайызға жеткізілген. Аудандағы шаруа қожалықтары жыл басынан  409 бас асыл тұқымды ірі қара малын, соның ішінде 309 бұқа және 100 бас қазақтың ақ бас қашарларын, 175 бас асыл тұқымды еділбай қощқарлары мен 46 бас асыл тұқымды көшім жылқысын сатып алды. Оларға асыл тұқымды малды сатып алғаны үшін күні бүгін 100 пайыз демеуқаржысы төленген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале