5.02.2016, 15:08
Оқылды: 38

Жәнібекте мемлекеттік бағдарламалар насихатталды

Janibek  Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды арқау еткен жиын болып өтті. Аталған ауылдық округ әкімі Асқар Сәрсенғалиев төрағалық еткен жиынға мәселеге мүдделі бірқатар мекемелер мен ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.


         Жиналыста сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажина «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Астана қаласында оқыту курсын ұйымдастыратынын, онда арнайы мамандар мен консультанттардың басшылығымен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жетекшілері бизнес-машықтануға мүмкіндік алатындығын атап айтты. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы несие алу, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесов «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша ауданға 2012 жылы 180 млн, 2013 жылы 60 млн, 2014 жылы 45 млн, ал 2015 жылы 35 млн. қаржы бөлініп, толығымен игерілгендігін жеткізді. Биыл да осы бағдарлама аясында ауданымызға қаржы бөлінетіндігін, сондықтан кәсіпкерлерге қазірден бастап бизнес-жоспар құрып, бағдарламаға қатысуларын сұрады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағыты: жеке ісін ашу немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталанандыру мақсаты жөнінде слайд арқылы баяндама жасап, мәлімет берді. БҚО кәсіпкерлер палатасының Жәнібек аудандық филиалының директоры Жаслан Басиров өзі басқарып отырған мекемеде кәсіпкерлерге кәсібін әрі қарай жетілдіру, жаңадан кәсіп ашу үшін бизнес-жоспарлар құру, бизнес жүргізудің қыр-сырын түсіндіретін кеңестер берілетіндігін жеткізді. Ал, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Берен Асанғалиев ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында кеңінен баяндады.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале