23.09.2015, 16:07
Оқылды: 21

Жәнібекте мергендер анықталды

JAnkibek jambi atu2    Жәнібекте аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық мұсылмандар мешіті мен аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жамбы атудан жарыс өтті.

Жамбы ату – қазақ жұртының көнеден келе жатқан дәстүрлі ойыны. Бұл ерте заманда жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін өткізіліп келген.

Аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев  өз сөзінде:

-Жамбы ату ойыны адамды қырағылық пен ептілікке, діттегеніне дөп тигізетін мергендікке  баулиды. Бұл туралы пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадистерінде айтылатын қуаттылықты, ептілікті шыңдайтын спорт түрлерін ата-бабаларымыз ұлттық негізге сай дамытып, ғасырлар көшінде сүннетті берік ұстанған. Ең бастысы, осындай ұлттық спорт түрлері шариғатқа қайшы дүниелер емес екенін жақсы білген жөн, - деді.

Жарыстың қорытындысы бойынша нысанаға жебелерін дөп тигізіп, «құралайды көзге атқан» мергендер қатарынан табылғандар: Ринат Кенжеғалиев бірінші, ал Есенболат Абдугалиев пен Сағаден Кенжеғұлов сәйкесінше, екінші және үшінші орындарды иемденді.

www.zhaikpress.kz

         Д.Ғибратұлы

   Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале