8.01.2016, 15:49
Оқылды: 24

Жәнібекте хоккейден жолдастық кездесу өтті

  Janibek hokkei  Кеше Жәнібек ауданында жаңадан салынған мұз айдында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында шайбалы хоккейден мемлекеттік қызметкерлер арасында жолдастық кездесу оздырылды.

         Демалыс күні уақыттарын тиімді пайдалану әрі саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жолдастық кездесу аудан әкімдігі мен аудандық мекеме басшыларының арасында өтті. Атап айтсақ, аудан әкімі Мұрат Мұқаев, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, аудандық аппарат басшысы Жақсылық Абдолов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ертай Қарағойшиев, аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Роберт Беғалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекежан Шарафутдинов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абзал Қаратаев және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов белсенді ойындарымен көзге түсті. Кездесу аса тартысты өтіп, командалар тең нәтиже көрсетті. Жолдастық кездесуден соң балалар мұз айдынына шығып, коньки теуіп, мәре-сәре болысты.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале