8.01.2016, 16:38
Оқылды: 20

Жәнібекте шекарашылар Жолдауды талдады

 Janibek Shekarashi joldau  Жаһандық дағдарыстың кезекті толқыны алпауыт мемлекеттердің өзін дағдартып, кемесін шайқалтып отырған уақытта  халықтың келер күнге деген күдік-күмәнін сейілтіп, ел ішіндегі тұрақтылықты тұғырлы қылып, бірлігін шегелеп, ынтымаққа шақырып, үкіметке нақты тапсырмалар беріп, әлемдік өзгерістер  уақыты әр мемлекеттің  алдына реформалар немесе құлдырау деген талаптар қойып  отырғанын түсіндіру мақсатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жариялаған болатын.


«Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2036 әскери бөлімінің басшысы Т.Исхановтың ұйымдастыруымен шекарашылар арасына арнайы барып,    Жолдауды  талқылады.

 Бөлім басшысының орынбасары полковник Қ.Қорабаев жүргізген жиында шекарашылар Жолдауға қатысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

                                                                                             Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале