4.10.2016, 11:16
Оқылды: 20

Жәнібекте қариялар күні ұлықталды

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%8f%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96-%d2%b1%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b      Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде Қариялар күніне орай кеш оздырылды. Кеште алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Наурызбай Қарағойшинге берілді.


   -Құрметті біздің ардагерлер! Халқымыз қарттары бар елдің қазынасы бар деген. Осы орайда уақытында аудан экономикасының дамуына әр салада қызмет етіп, сүбелі үлес қосқан сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Ұрпақ тәрбиелей жүріп, уақытпен санаспай ел үшін еңбек ете білдіңіздер. Елбасымыздың  әр жылғы Жолдауы жүзеге асып, егеменді елімізді бүгінде төрткүл дүние танып білді.Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында ауданымызда іс-шаралар жалғасын табуда. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық баянды бақыт тілеймін. Мерекеміз мерейлі болсын. Аудан халқы атынан осы бір ыстық ықыласқа толы тілегімді қабыл алыңыздар,- деді аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы. Содан соң облыстық мәслихаттың депутаты Ескендір Илимесов, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев, тыл және еңбек ардагерлері Үміт Ибраева, Ибрайым Сұлтанов, Бекет Әліпқалиев сынды қоғамдық-саяси жұмыстарда белсенділік танытып жүрген көңілі дария қариялар сөз алып,  құттықтау лебіздерін жеткізді. Кеш барысында ардагер спортшы әрі  домбырашы Елеусін Зейнуллин «Қариялар азайып бара жатыр», сазгер әрі әнші Уахит Сариев «Армысыңдар адамдар» әндерін орындады. Ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов жиылған қауымға батасын беріп, еліміздің берекелі де мерекелі күндері көп болғай деп ақжарма тілегін айтты.

                                                                           Ахмедияр БАТЫРХАНОВ 

                                                                                         Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале