3.06.2015, 11:51
Оқылды: 25

Жәнібекте Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өтуде

Janibek Ent   Жәнібек ауданының орталығында бүгін таңертеңгі сағат 8-де биылғы мектеп түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеу шарасына арналған салтанатты жиын оздырылды. Аудан көлемінде 165 түлек мектеп бітірсе, соның 142-і білім сынағына қатысқалы отыр. Оның 8-і «Алтын белгіге», 5-уі ерекше аттестатқа үміткер. Білім сынағын өткізуге аудандағы №811 ҰБТ орталығы толықтай дайын. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Аманжол Қадырбеков  ауданның барша түлектері мен олардың ұстаздарын, ата-аналарын бүгінгі ҰБТ шарасымен шын жүректен құттықтады. –Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінгі сыннан сүрінбей өтіп, жоғары көрсеткішке жетулеріңізге тілектеспін!-деді ол. Жиында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ербол Әбдіраманов құттықтау сөз сөйлеп, Жәнібек және Бөкей Ордасының биылғы мектеп түлектерінің сыннан сүрінбей өтулеріне тілектестігін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

                                                                                     Н.Өтей

                                                                                     Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале