17.06.2015, 20:26
Оқылды: 35

Жәнібекте «Әкімшілік айыппұлды төлеңдер!» атты айлық өткізілуде

ZH    Әр мемлекеттің негізгі табысының бір бөлігі - бұл салық және әкімшілік айыппұлдар. Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқықбұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқықбұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқықбұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу заңдылығын қадағалау жөніндегі аға прокуроры Еркін Ақбаевтың айтуы бойынша үстіміздегі жылдың 22 мамырына дейінгі аралықта аудан бойынша мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарын төлемеген борышкерлердің қарызы 3 963 260 теңгені құрап отыр. Осыған орай аудандық прокуратура маусымның 1-інен 20-сына дейінгі аралықта «Әкімшілік айыппұлды төлеңдер!» атты айлық өткізуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік бюджетке әкімшілік айыппұлды өндіру және соттың шешімін дәлме-дәл орындау. Сонымен қатар сот актілерін, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Соған орай айлық аясында борышкерлерді әкімшілік айыппұлды өз еріктерімен төлеуге шақырамыз.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале