6.09.2016, 11:15
Оқылды: 16

Жәнібекте 26 жоба жүзеге асырылмақ

26 жоба жүзеге асырылмақ  Жәнібек ауданына биыл «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға арналған екінші бағыты бойынша 60 миллион теңге қаржы бөлінді.


   Осы несиеге 26 аудан тұрғыны қол жеткізді.Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың айтуынша олардың 23-і мал шаруашылығын дамыту, 1-уі автотехстансасын ашу, 1-уі автокөлік жуу және 1-уі шағын тігін цехын ашу жобасы бойынша жұмыстануда. Сонымен қатар қайтарым қаржы есебінен 2 адам мал шаруашылығы жобасына 4,6 миллион теңге көлемінде шағын несие алған.

www.zhaikpress.kz

         Н.Жапақов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале