27.04.2016, 18:34
Оқылды: 82

Жәнібектіктер бейіт басын тазартты

????????????????????????????????????

     «Өлі разы болмай, тірі байымайды» демекші, ата-баба рухына құран бағыштап, олардың аруақтарын қастерлеу – артында қалған ұрпақтың міндеті.

    Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2003 жылғы «Сәуір айының соңғы жұмасы марқұмдарды еске алу күні, ал сенбі мазарларға тазалық жүргізу күні болсын» деген үндеуі жыл сайын жүзеге асып, дәстүрге айналып келе жатқаны бәрімізге аян.


     Осы дәстүр биыл да жалғасын тауып, аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев алдын ала зират басын жинауға хабарландыру беріп, белгіленген күні ауыл халқын жинап, бейіт басында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қарақұрым халық жиналып, әуелі құран оқылып, дұға еткен соң, құрал-саймандарын алып, жұмысқа кірісіп кетті. Зират ішін тазалап, маңайын қоқыстардан арылтып, жиналған күл-қоқыстарды көпшілік болып көлікке тиеді. Бұл сауапты шараның соңында қариялар осындай игі іске ұйытқы болған мешіттің имамдарына алғыстарын айтты.

www.zhaikpress.kz

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале