2.12.2015, 17:51
Оқылды: 19

Жәнібектік ардагерлер Жолдауды жылы қабылдады

Janibek zeinetkerler joldaudi  Жәнібек ауданының ардагерлері Елбасының келер жылға халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауын жақсы жаңалыққа балайды. Аудандық ардагерлер үйінде өткен бас қосудың негізгі түйіні де осы болды. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиев тарихи құжаттың басым бағыттарына тоқталып, бүгінгі таңда жаһан бастан кешіп отырған экономикалық дағдарысты, еліміздегі өсім, реформалық даму жайын, демографиялық, әлеуметтік жағдайды, инвестициялық саясат негіздерін сөзіне сүйеніш етті.  


 

Өз кезегінде сөз алған ардагерлер Елбасының Жолдауында айтылған мәселелер жөнінде өздерінің ой-пікірлерін білдірді. -Өткен ғасырдың 90-шы жылдары елде электр энергиясы, көгілдір отын белгілі бір уақытпен берілсе, бүгінгі таңда оған шектеу жоқ, тоқтаусыз беріледі,-деді еңбек ардагері Сәния Ғайношева, -Қазір ТМД елдері Қазақстанға қызыға қарайды. Ел дамуының айқын көрінісі біздің аудан өмірінен де айқын аңғарылады. Қаржы қиындығына қарамастан биыл заманауи балабақша, көптеген тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді, аудандық, ауылдық жерлердегі ауруханаларға жедел жәрдем автокөліктері алынды.

-Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекетте тыныштық, ешқандай келіспеушіліктен адамыз. Зейнетақы, жалақы, жәрдемақы дер мезгілінде берілуде. Бір сөзбен айтқанда, елімізде халыққа бар жағдай туғызылуда,-деді еңбек ардагері Меркен Кенжеғалиев өз сөзінде.

Бас қосу барысында бұдан басқа Қабаш Жүнісов, Самиға Қайырова сынды еңбек ардагерлері сөз сөйлеп, Елбасының Жолдауы тұрғындарға тың серпін беретінін, мұның бәрі халықтың алаңсыз өмір сүруі үшін мемлекет басшының тарапынан жасалып жатырған қамқорлықтың арқасында жүзеге асқанын, алда да осы игіліктердің жалғасатынына сенімді екендіктерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале