24.11.2015, 19:40
Оқылды: 24

Жәнібектік жас мамандар қоныс тойын тойлады (ФОТО)

Janibek konis toyi    Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарға жаңа үйлердің кілтін табыс етті. Мейрамгүл Құсенова, Бақыт Қанатов, Айдын Ержанов, Аслан Мақсұт, Әсемгүл Ғайнуллина, Агиза Ералиева және Жұлдыз Ғатауова сияқты жас мамандар шаңырақ уығын шаншыр қуанышына кенелді.

Janibek konis toyi 02

-Үстіміздегі жылы ауданымызда 10 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жаңа үйге ие болды. Аталмыш бағдарлама бойынша бой көтеріп жатырған үйлер өте жоғары сұранысқа ие. Осы игілікті істің атқарылуына қажырлы еңбек етіп, атсалысқан «Символ» ЖШС-ға және жетекшісі Ескендір Кафарұлына ризашылығымды білдіремін. Жас мамандарды жаңа баспаналарымен құттықтай отырып, шаңырақтарың тек шаттық пен қуанышқа кенелсін демекпін!» - деді аудан басшысы Мұрат Рахметұлы.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале