15.07.2015, 17:38
Оқылды: 35

Жәнібектік кәсіпкер Лада «Ларгус» және Лада «Калина» маркалы көліктері бар он бір жүргізушінің басын біріктіріп, үлкен істі қолға алды

Janibek tahi  Жұмыла  көтерген жүк жеңіл» демекші, кәсіпкерлік аясын кеңейтуді көздеген  Есенгелді Шағыров жәнібектік Лада «Ларгус» және  Лада «Калина» маркалы көліктері бар  он бір жүргізушінің басын біріктіріп,  үлкен істі қолға алды.

Жеке кәсіпкерлігін ашқан Есенгелді Хасенұлының  темір тұлпарды  тізгіндегеніне біраз жыл болған еді. Кеңес өкіметі тұсында  жүргізушілік қызметін бастаған жігіт әртүрлі мекемелерде  өз мамандығына сай қызмет атқарды.

Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап «Жәнібек» жеке кәсіпкерлігін  ашып,  оңайлатылған мағлұмдама бойынша қызмет көрсетуде. Қарамағындағы жүргізушілердің  көліктерінде түгелге жуық салқындатқыш  қондырғы орнатылған, «Жәнібек такси» логотипі жасап шығарылды. Олармен жеке еңбекшарты жасалып, зейнетақы қорына  төлемдерін аударып отырады. Сондай-ақ,  жұмыс беруші ретінде медбикемен, механик, диспетчермен де келісімшарт құрылған. Он төрт адамды жұмыспен қамтып, табыс табуына жағдай туғызған кәсіпкерге тұтынушылар да дән разы.

         www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале